Билеті бар, орын жоқ: жаңа ережені бұзғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда «Овербукинг» үшін жауапкершілік енгізілді. Бұл жайлы Бас прокуратурасы мәлімдеді

Сұлу Бөлек

  • 17.04.2025

Қазақстанда «Овербукинг» үшін жауапкершілік енгізілді. Бұл жайлы Бас прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz.

«Овербукинг» – әуе кемесіндегі орындар санынан артық билет сату тәжірибесі – көптеген елдерде жиі қолданылады. Ірі халықаралық әуе компаниялары кей жолаушылардың рейске келмейтінін болжап, орыннан артық билет сатады. Алайда барлық жолаушы ұшуға келген жағдайда, кейбіреуіне ұшаққа отыруға рұқсат берілмей жатады.

Соңғы екі жылда Қазақстанда да бұл тәжірибе кейбір әуе тасымалдаушылары тарапынан, әсіресе танымал бағыттарда, мереке және демалыс күндері қолданылған. Жолаушылар қолында ақылы билеті бола тұра, ұшаққа отырғызылмай, балама жол іздеуге мәжбүр болған. Қоғам наразылығы артып, мәселені шұғыл шешу қажет болды.

Айта кету керек, билет болғанымен, борттағы орын берілмеген жағдайда жауапкершілік тек халықаралық рейстерге ғана қолданылатын.

Прокуратураның ұсынысы бойынша Парламент Мәжілісі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізу мәселесін қарап, жауапкершілікті ішкі рейстерге де қолдануды мақұлдады.

Енді ішкі рейстерде жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдауережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жаңа нормаға сәйкес, әуе тасымалдаушы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Қабылданған шаралар әуе компанияларының қызметін бақылауды күшейтіп, жолаушылардың құқықтарын қорғауға, билет нормасынан артық сатылым салдарынан ұшаққа отырғызудан бас тарту жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

28.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі