«Бірте-бірте SIT стандартына көшеміз»: Министр ҰБТ форматы өзгеретінін айтты

Бұл – халықаралық деңгейде танылған тест.

Malim Админ

  • 21.05.2024

2025 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсырудың жаңа форматы пилоттық жоба ретінде іске қосылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте министр Саясат Нұрбек айтты. 

Жоғары білім және ғылым министрінің сөзінше, әлемнің көптеген елінде тестілеуді алып тастау мәселесі қызу талқыланып жатыр. 

Мәселен, АҚШ пандемия кезінде стандартты тестті алып тастады және университеттер өте күрделі мәселеге тап болды. Орталықтандырылмаған оқуға түсу жүйесіне қарамастан, кем дегенде студенттерді бағалау, салыстыру және іріктеу үшін қандай да бір стандарт қажет, – дейді ол.

Министрдің айтуынша, ведомство 2021 жылдан бастап дүниежүзілік банктің қолдауымен ҰБТ форматын қайта құру және ең бастысы – тест сұрақтарының мазмұнын түбегейлі қайта өңдеу бойынша үлкен жобаны іске қосқан.

Алдыңғы жылы біз екі бағыт бойынша жұмыс істедік. Біріншісі – жаңа формат бойынша тест дайындау. Барлық сұрақтарды мазмұнды түрде қайта қарау керек болды. Өткен аптада бұл компонент аяқталды. Тест дайындауды әлемге әйгілі француз компаниясы жүргізді. Жаңа модель бойынша 350 тестолог дайындалды, – деді министр.

Екінші бағыт – финляндиялық компаниялар тобымен ҰБТ құрылымы бойынша жұмыс.

Бұл арнайы оқытылған тестологтар тобы SIT форматына ұқсас жаңа әдістеме бойынша сұрақтар дайындай бастайды, бұл халықаралық деңгейде танылған тест. Оған қоса, біз базаны құрғанда жаңа ҰБТ форматын пилоттық түрде бастау үшін кем дегенде 50 мың сұрақ әзірлеуіміз керек. Мұнда да мұқият, ұқыпты болуымыз керек, өйткені форматтың күрт өзгеруі де үлкен проблемаларға алып келеді, жоғары сынып оқушыларын осы форматқа дайындау қажет, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап министрлік үлкен пилоттық жобаға дайындықты бастайды.

Біз пилоттық жобаны келесі жылы бастаймыз, жоба ҰБТ форматын бірден өзгертпейді, белгілі бір пилоттық режимде іске қосылады. Бірте-бірте біз SIT халықаралық стандартына көшеміз, онда әрбір талапкердің өзі тестілеу орнын, уақытын таңдайды, дайындалады, тапсырады, сертификат алады, сонымен оқуға түседі, – деді министр.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

20.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды