Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық соты да тікелей эфирде өтеді

Қоғам
Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық соты да тікелей эфирде өтеді

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Жоғарғы сот республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, - делінген хабарламада.

Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. 

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу