БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

Қазақстанға кірер бағытта бір жол ғана істеп тұр

Мәди Саматұлы

  • 01.12.2024

Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында ұзын-сонар кезекке байланысты жүк көліктерінің жүргізушілері шағымданды. «Мой город» жазуынша, «Маштаково» және «Сырым» өткізу бекеттерінде жүк тасымалдаушылардың күту уақыты бірнеше сағатқа созылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жүк көлігі жүргізушілерінің бірі 16 сағат бойы «Маштаково» бекетінде тұрып қалғанын айтқан. Оның сөзінше, кезектердің басты себебі – нейтралды аймақтың толып кетуі. Оның себебі, Қазақстан тарапы бір бағытта алты жолақты ашып, керісінше бағытта тек бір жолақты жұмыс істетіп отырғанына байланысты.

Жүргізушілер жағдайды «бақылаудың жоқтығы» және «беталды» деп сипаттап, мәселенің қашан шешілетінін сұрап отыр.

Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша өкілдері мәселені Ресейдің «Маштаково» өткізу пунктіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты деп түсіндірген.

Ресейдің Орынбор облысындағы шекара бекетінің хабарлауынша, «Маштаково» бекетінде жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөндеу 31 қарашаға дейін жалғасады деп жоспарланған. Осыған байланысты бекеттің өткізу қабілеті төмендеген.

Шекара қызметі көлік жүргізушілеріне «Ақсай», «Шаған» және «Тасқала» өткізу бекеттері арқылы қозғалуға кеңес береді. Бұл бекеттерде қазір жүктеме аз.

Фото: qazavtojol

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді