Дәрігер-гинеколог: Ерлер мединалық тексерістен өтуді ұят санайды

Айшолпан КЕРІМ

  • 25.03.2022

2022 жылдың ақпан айындағы дерекке сай, қазақстандық отбасылардың 19 %-ы сәби сүйе алмайды. Репродуктивті медицина ассоциациясының президенті, дәрігер-гинеколог, репродуктолог Вячеслав Локшин қазірде көп отбасы сәби сүйе алмаған соң ажырасып жатқанын айтады. Оның сөзінше, мұның алдын алу үшін жастар отау құрмастан бұрын медициналық тексерістен өтуі керек. 

Бедеулік - тек әйелде болатын ауру емес

Біздің жастар ең әуелі отбасын құру деген сөздің мәнін түсінуі керек. Бұл тойға шашылып, көңіл көтеріп, артынша өмір бойы қол ұстасып өмір сүре беру ғана емес, бұл - ең жауапты қадам. Сәби сүйе алмау, артынша оп-оңай ажырасып кету - бәрі осындай селқос көзқарас әсерінен. Сондықтан да жастар үйленбестен бұрын бірге емханаға барып, дәрігер қарауында болып, алда нені жоспарлауға болатынын, репродуктивтілік жағдайы жайлы білсе, дұрыс болар еді.

 

Біздің менталитетке сіңген нәрсе ғой, келін түскен соң туыстары да, көрші-қолаң мен танымайтын адамдарға дейін келінді “Бөпе қашан? Көтердің бе?” деп тоқпақтап бітеді. Жастар да ұзақ уақыт сәби сүйе алмаған соң ғана дәрігер туралы ойлана бастайды. Ақыры сәбилі бола алмайтынын білсе, тағы келінді емдемемекке жүгіріп, балгер аралап кетеді. Тіпті “балалы бола алмау” деген сөз де көп қолданылмайды, қоғамда оның орнына “бала көтере алмайды” деген нұсқа жатталып қалған. Бірақ қоғам көзін ашып, сәби сүйіп-сүймеуде ер мен әйелдің үлесі тең, тіпті ер адамның үлесі басымырақ екенін, бедеулік тек әйелдің ауруы емес екенін түсінуі керек. Ерлер де жауапкершілікті сезініп, неке қимас бұрын, болашақ жарымен барып, тексерістен өтуі керек. Көп жағдайда алдын алып, емделіп алуға да болады. Біздің жігіттер медициналық тексерістен өтуді ұят санайды. 

Бала кездегі тіс ауруы да бедеулік себебі болуы мүмкін

Жалпы мұның бәрі жас кезден айтылуы керек. Қыз балалар 9 жасынан, ұл балалар бір-екі жыл кешірек репродуктивті қалыптаса бастайды. Осы жастан үйде, мектепте жыныстық сауат ашу шаралары жүргізілуі керек. Оларға түрлі қабынудан сақтану керек екені, кезінде тіс ауырғанының өзі бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін екені жайлы айтылуы керек. Қыздар гинеколог қарауында жиі болып тұрып, эндокриндік жүйе, менструалдық цикл қалпында ма екенін білу керек. Түптеп келгенде, жай ғана басты байлық - денсаулыққа ертеден күтім жасаған абзал.

Гинекологқа баруды ұят көретін қоғам қазір өзгеріп келеді, рас. Дегенмен, үйленбес бұрын медициналық тексеруден өтетін жұптар өте аз. Бастысы, бедеулік деген нәрсені ерте білсең, көп жағдайда оның алдын алуға, емін табуға болатынын ұғыну маңызды. 

Бірақ соңғы жылдары себепсіз бедеулік жиі байқала бастады. Медицина тұрғысынан сап-сау ер мен әйел бола тұра, бала сүйе алмайды. Мамандар мұның себебін қазір психологиядан іздеп жатыр.

 

Қазір әріптестерім осы бір медициналық тексерісті заңмен бекіту керек деген пікір айтып жүр. Мұны айтқандар некеге тұрмас бұрын тұқым қуалаушылық ауруы бар-жоғын анықтайтын заңды қолдайтындар. Меніңше үйленбестен бұрын бедеулікті анықтауды заңмен бекіту тым артық әрі адамгершіліктен тыс әрекет. Тек балаларды жастайынан, мектеп кезінен сақтанып, күтініп жүруге үйрету керек. Жыныстық сауаттылық мәселесі мектепте де, үйде де айтылуы керек.

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.