«Дінімізде екі атпен жүруге болмайды»: Атышулы трансгендер мешітте есімін өзгертті

Алматылық танымал трансгендер Наиль Тұрғанов мешітке барып, есімін азан шақырып «Ника» деп өзгертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 03.04.2024

Бұл туралы блогер Instagram-парақшасында жазды.

Дінімізде екі атпен жүруге болмайды. Атам азан шақырып, атымды Наиль деп қойды. Араб тілінен аударғанда бұл есім «жетістікке жету», «мақсатқа жету», «сыйға лайық», «пайда» деген мағынаны білдіреді. Қазір мені барлығы «Ника» деп атайды. Ника – грек тілінен аударғанда «жеңіс» дегенді білдіреді. Әрі ежелгі Грекиядағы жеңіс құдайының аты, – дейді ол.

Наиль Тұрғанов бұл әрекетін жеңіске балап отырған көрінеді.

Мен өткерген жолымды жеңістің бір түрі деп білемін. Анам екеуіміз мешітке барып, есімімді өзгертуді жөн көрдік. Енді бұдан былай мен Никамын. Түсінемін, мен ауыр күнә жасадым. Бірақ егер шын ниетіммен кешірім сұрасам, Алла мені кешіреді деп үміттенемін. Анам Алланың мейірімді екенін, егер шын көңілмен рақым етуін сұрасам кешіретінін айтты, – дейді атышулы трансгендер.

Алайда оның бұл тірлігі желі қолданушыларына ұнамай қалды. Олар трансгендерді «жерден алып, жерге салып» жатыр.

«Сен имамды алдап соқтың», «Мынау расымен дінді мазақ етіп отыр», «Дінімізде еркек әйел болып, мешітке барып азан шақыртып ат қоюы дұрыс па?», «Бұл қаншалықты шариғатқа сай», «Имам да қызық, қалай азан шақырып жатыр?», «Алладан қорық», «Масқара», – деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025

Африкада Режеп Тайип Ердоған атындағы мешіт ашылды

29.03.2025

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

21.03.2025

«Жабайылық»: Меруерт Түсіпбаева аяғын уқалатқан имамды сынады

14.03.2025

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

13.03.2025

Әкесінің қырқын, жылын беруден бас тартқан: имам не дейді?

07.03.2025
MalimBlocks
Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды

Африкада Режеп Тайип Ердоған атындағы мешіт ашылды

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

Наурыз есімі қай өңірлерде жиі кездеседі?

«Жабайылық»: Меруерт Түсіпбаева аяғын уқалатқан имамды сынады

Әнші балаларға білім беруге ұмтылу керек деп санайды.

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс

Әкесінің қырқын, жылын беруден бас тартқан: имам не дейді?

Жақындарын да түрлі рәсімдерді өткізуден бас тартуға шақырған