Германияда қазақстандық жоғалып кетті: СІМ пікір білдірді

Қазіргі таңда Германяиның сыртқы істер министрлігіне бұл істі ерекше бақылауға алу және барлық қолғабыс көрсету туралы арнайы хат жолданды.

Берік Дәулетов

  • 10.06.2024

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Германияда жоғалған Қазақстан азаматы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы (Германия) Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан 2024 жылғы 3 маусымында қызы жоғалып кетуіне байланысты арыз түсті. Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция өз кезегінде жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді және оған біздің тікелей араласуға құқығымыз жоқ, - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар жоғалған қыздың туыстарымен тікелей байланысты.

Қазіргі таңда Германяиның сыртқы істер министрлігіне бұл істі ерекше бақылауға алу және барлық қолғабыс көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алуға жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді Айбек Смадияров.

Фото: instagram.com/podslushano.de

Байланысты жаналықтар

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

07.04.2025

Алматыда 8 ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

07.04.2025

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

03.04.2025

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Алматыда 8 ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты