freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық банк төрағасы теңгенің дизайны не себепті өзгергенін түсіндірді

Экономика
Ұлттық банк төрағасы теңгенің дизайны не себепті өзгергенін түсіндірді
Фото: Pexels.com | Bia Limova

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге банкноттарының дизайны не үшін өзгертілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистер одан “қағаз ақша көлемі неге доллардан да кішірек болып жасалды” деп сұрады.

“Әмиянға сыйсын деп солай жасадық. Қазір бұл – халықаралық стандартқа сай келетін өлшемдердің бірі. Қолдануға өте ыңғайлы. Одан әрі кішіреймейді”, – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, банкноттардың көлемін кішірейту қаржыны үнемдеуге де мүмкіндік берген.

“Банкноттар арнайы қағаз парақтарында басылады. Бұрын бір парақтан шартты түрде бес банкнот шығатын болса, енді олардың көлемі кішірейгендіктен, қағаз тиімдірек пайдаланылады. Қазір бір парақтың шамамен 90%-ы банкнот шығаруға жұмсалады. Соның нәтижесінде шығын азайып, қаржы үнемделеді. Алайда нақты қанша қаржы үнемделетіні құпия”, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу