Илон Маск Tik-Tok-қа қызықпайтынын мәлімдеді

Malim Админ

  • 10.02.2025

АҚШ-тың Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің (DOGE) жаңа басшысы, америкалық кәсіпкер Илон Маск TikTok әлеуметтік желісін сатып алу туралы өтініш бермегенін және оны сатып алуға "құштар емес" екенін мәлімдеді. Бұл туралы Oxu.Az ақпарат құралы жазды деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, Қытай шенеуніктері TikTok-тың АҚШ-тағы операцияларын Маскке беру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Кейін TikTok әлеуметтік желісі Маскке оның АҚШ-тағы операцияларын сатуды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты жалған деп атады.

"Мен TikTok-ты сатып алу үшін өтініш берген жоқпын. Егер менде TikTok болса, не істеуім мүмкін деген жоспарым жоқ... Мен TikTok-ті сатып алуға құштар емеспін", - деді Маск Германиядағы конференцияда, оның баяндамасының бейнежазбасы YouTube арнасы Welt Documentary-де жарияланды.

Кәсіпкер өз сөзінде экономикалық себептерге байланысты ештеңе сатып алмайтынын және әдетте компанияларды "нөлден бастап" құратынын, бірақ сатып алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Маск TikTok-тың алгоритмін зерттеп, оны жақсарту мүмкіндіктерін қарастыра алатынын тілге тиек етті.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл әлеуметтік желіні өзі қолданбайды.

Фото: REUTERS

Байланысты жаналықтар

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Tesla компаниясына жасалған шабуылдар терроризмге теңестіріледі

22.03.2025

Илон Маск: Starlink ешқашан Украинадағы терминалдарын өшірмейді

10.03.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025

Маск СhatGTP-ден ақылды жасанды интеллекті жүйесін іске қоспақ

17.02.2025
MalimBlocks
Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Tesla компаниясына жасалған шабуылдар терроризмге теңестіріледі

Илон Маск: Starlink ешқашан Украинадағы терминалдарын өшірмейді

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

Маск СhatGTP-ден ақылды жасанды интеллекті жүйесін іске қоспақ