«Істеген жамандығын Аллаға жаба салады»: Дінтанушы Атырау облысында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, адамды жұдырықтың астына алу, өлімге дейін жеткізу, имандылықты былай қойғанда, адамшылыққа жатпайды! 

Берік Дәулетов

  • 19.06.2024

Белгілі дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышқанұлы Атырау облысындағы базарлардың бірінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шатақ дін,

Бұл күнде дұрыс иман жоқ,

Шатақ дін нәпсі тыйған жоқ.

Ақылы саудың ойына,

Алдамшы діндер сыйға жоқ (Шәкәрім)! Бірер күн бұрын Атырауда болған жағдайға байланысты әртүрлі пікірлер айтылды, айтылып да жатыр, айтыла да береді. Бірақ қазіргі дін неге адам нәпсісін тыя алмайды? Пайғамбар сүннеті деп сақалға соншалықты жабысқандар арам-адалды неге ажыратып жатпайды, пайғамбар өсиетін неге орындамайды? Неге кейбір діншілдер «Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған» (Абай)? Әрине, біреулер үшін исламофобия жасауға сылтау да болар. Дегенмен, шатақ дінге ұрынғандармен жиі жолығамыз, - деп жазды ол facebook-парақшасында.

Дінтанушының айтуынша, адамды жұдырықтың астына алу, өлімге дейін жеткізу, имандылықты былай қойғанда, адамшылыққа жатпайды! 

Әртүрлі жағдайға ұрынып алып «Алланың қалауы!» дейтіндер де көбейіп келеді. Құранда: «адам өзінің қолымен істегенін көреді» (Нәжім 39) десе олар өзінің істеген жамандығын Аллаға жаба салады. Адам дінге емес, дінді өзіне бейімдейтіндер бар. Міне, қарапайым күн көріп жүрген адамды жұдырықтың астына алу, өлімге дейін жеткізу имандылықты былай қойғанда адамшылыққа жата ма?! Асан қайғы айтқандай:

Өлетұғын тай үшін,

Көшетұғын сай үшін

Желке терің құрысып,

Ешкімменен ұрыспа!

Ашу дұшпан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің,

Түбі терең қуысқа?! Көлікті сырып кеткені үшін үлкен адамға жұдырық ала жүгірудің соңында бір әулетті қара жамылтып қанша баланы әкесіз, қанша немерені атасыз қалдырды! Алла иманын жолдас қылсын марқұмның. Артында қалғандарға сабыр берсін!

Пайғамбардың: «Ашулансаң отыра қал, оған басылмаса жата қал!» деген өсиетін оқыған әсіре діншілдер неге бұл өсиетті орындамайды. Сұрақ көп. Кейде «Бір құмалақ...» деп ақталып та жатамыз. Бірақ, мәселенің бәрі тыңдаған уағызда, санаға сіңген идеологияда. Намаз оқымайтын адамды алдауға болады, ұрлап алсаң сауап болады, «Кәпірлерге» өтірік айта салу керек дейтін тіркестерді өздеріне әдет қылғандар түбі имандылық қылып жарытпасы анық.

Осында бір ініміз «Тоғызыңда қандай болсаң, тоқсаныңда сондай боласың!» деп мәдениет те, өнер де, дін де адамды өзгерте алмайды депті. Шарасыздықтан айтылған болар. Десе де, шатақ дін нәпсі тыймайтынына көз жетті. Е, Жаратқан өзі жар болсын!.. - деп жазды теолог.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысындағы базарлардың бірінде «Газель» көлігін мінген Амандық Сағынғалиев есімді зейнеткер Мұхтар Ахмедов деген азаматтың «Мерседес» көлігінің есігін сырып кеткенін, сол жерде жанжал басталып, «Мерседес» иесі «Газель» жүргізушісін бірнеше рет соққының астына алғанын жазған болатынбыз. Жас азаматтың ауыр соққыларынан кейін зейнеттегі кісі есін жыя алмай, қайтыс болған еді. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Британиялық мұнай компаниясы Қазақстанға қарсы арыз-шағым түсірді

25.03.2025

Атырау облысындағы пойыз апатынан үш адам ауыр халде жатыр

01.03.2025

Оқушылар кері қайтты. Демалыс орнында қоңыз қаптап кеткен

28.10.2024
MalimBlocks
Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Британиялық мұнай компаниясы Қазақстанға қарсы арыз-шағым түсірді

Бұл талап Атырау облысындағы Кемеркөл кен орнын барлау және игеру туралы келісімшарттың бұзылуынан туындаған

Атырау облысындағы пойыз апатынан үш адам ауыр халде жатыр

Оқушылар кері қайтты. Демалыс орнында қоңыз қаптап кеткен

Қыздар жататын №6 корпустың ашық қалған терезесінен қоңыздың кіргені анықталды