«Ит-мысықтың етін берген»: Шымкентте 6 бала асырап алған ер адам оларды қорлаған

Түнде ұйықтаған кезде үстін қасымасын деп аяқ-қолдарын байлап қояды екен.

Берік Дәулетов

  • 03.06.2024

Шымкентте алты баланы қамқорлығына алып, оларды қинады деп күдікке ілінген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың сөзінше ол балаларды жұмысқа жегіп, жуындырмай, аяқ-қолын байлап ұстаған, деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған Malim.kz.

Шымкентте алты баланы қамқорлығына алып, оларды қинады деп күдікке ілінген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық омбудсмен Жаннета Жазықбаеваның айтуынша 2021 жылы шымкенттік тұрғын 6 баланы асырап алған. Ол балаларды жұмысқа салып, тіпті жуынуға да мүмкіндік бермепті.

Кішкентай үйде тұрады. Іші енді қап-қара, лас. Балалардың өзі қатты арық. Бұрын соғыс кезіндегі концлагерьдегі балалар сияқты болып қалған. Балалардың денесіндегі көгергені, қызарғаны бәрі бар. Бесеуі сөйлей де алмайды. Өйткені оларды түнде ұйықтаған кезде үстін қасымасын деп аяқ-қолын байлап қояды екен. Себебі дер кезінде шомылмаған. Тамақ бойынша үлкен баласынан сұраған кезде сарайдағы ит-мысықтарды сойып береді деген. Сарайларын қарап шықтық. Онда 3 мысық байлаулы тұрды, – дейді Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Қиын жағдайға тап болғаны жайлы балалардың үлкені хабарласып көмек сұраған. Қазір 3-еуі бөбектер үйіне табысталса, екеуі балалар үйіне жайғастырылған.

Үлкен ұлы балалар үйінің басшысына шығып, көмектесіңіздерші, ұрады-соғады деп хабарласқан. Сонымен қатар 5 бала бойынша видео-суреттер жібергендіктен қамқоршылық ұйыммен бірге барып қарадық. Зерделеу барысында бірнеше факті анықталды. Балаларды еңбекке тартқан, қарны аш, киімдері жыртық, лас болған. Сондықтан балаларды алып, бөбектер үйі мен балалар үйіне тапсырдық. Асырап алған кісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Көп фактілер анықталып жатыр, – дейді Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдіктінің үстінен ҚК 110- қинау бабы бойынша тергеу әрекеті аяқталып, барлық іс-құжат сотқа жолданған.

Аталған іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды, барлық іс-құжаттар сотқа жолданды, – дейді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Фото: novoetv.kz

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды