Мемлекеттік құпияны білетін қызметкерлердің жалақысын көтеру ұсынылды

Бастама «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 11.07.2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Malim.kz SMARTNEWS.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мемлекеттік құпиямен айналысатын мамандардың жалақысын көтеруді ұсынды. Бастама «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр. 

Ұсыныс бойынша «Техникалық ақпарат қауіпсіздігі және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарды даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мамандарының базалық жалақысын 25 пайызға арттыру жоспарланып жатыр. Бұл қызметкерлер тұрақты түрде мемлекеттік және қызметтік құпиялардықамтитын құпиялармен жұмыс істейді. Сондай-ақ, қатаң құпия құжаттармен де жұмыс істейді. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарына базалық лауазымдық жалақыны 25%-ға көтеру көзделген», — деп жазылған құжатта.  

Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңестер 24 шілдеге дейін жалғасады.

Фото: appazov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады