Назарбаев мектебі Аймағамбетов министрлігіне бағынбайды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға байланысты ведомство мәлімдемесін жариялады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 23.06.2022

«Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз. Осы орайда «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның толық дербестігін қамтамасыз ететін арнайы заң бар екенін еске салғымыз келеді. Яғни, НЗМ мектептері Оқу-ағарту министрлігіне бағынбайды. Сәйкесінше, тілдер бөлінісінде квота бөлу, сыныптарды жабдықтау, жаңа мектептер ашу мәселелерін министрлік емес, Қамқоршылық кеңесі шешеді. Түсіндіретін бір ғана мәселе бар. Дәлірек айтқанда, министр гранттарды тағайындау жөніндегі комиссияның төрағасы, алайда оның сыныптарға қабылдау, сыныптарды жинақтау және оны ашу саясатын анықтауға құқығы жоқ. Сондықтан төраға қызметі қайта қаралады. Негізгі шешімдерді қабылдайтын адамдар конкурс комиссиясына төрағалық етуі керек», - деді министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитеті бас сарапшысы Ерлан Маяемиров.

Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебінде оқуға үміткерлерге мемлекет тарапынан берілетін «Өркен» грантының санына байланысты дау туған Биыл қазақ тобына тапсырған оқушылардың саны орыс тобына тапсырған үміткерлерден көп болғанына қарамастан, екі тілге грант саны 100-100-ден теңдей бөлінген. Әсерінен жинаған баллы орыстілді үміткерлерден жоғары болса да көпшілік қазақтілді үміткерлер грант ала алмаған.

Байланысты жаналықтар

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу талабын өзгертуді ұсынды

23.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Бүгін ел бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

01.04.2025

Қазақстанда алғаш рет мектепте жаңа лауазым пайда болды

31.03.2025
MalimBlocks