Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек?

Malim Админ

  • 10.02.2025

Кез келген адамның өмірінде қаржы мәселесіне қатысты қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан несиені уақытында төлей алмасаңыз, қандай қадамдар жасау керек екенін білу маңызды. Мұндай жағдайда қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы – қарызды қайта құрылымдау, яғни несие шартының талаптарын өзгерту, – деп хабарлайды Aikyn.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz.

Қандай жағдайда несиені қайта құрылымдауға болады?

Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:

табысы азайып немесе жұмыссыз қалу;

ауыр сырқат немесе мүгедектік;

декреттік демалыс;

әскери қызметке шақыру;

форс-мажорлық жағдайлар (өрт, мүліктің ұрлануы және т.б.).

Неғұрлым банкке ертерек жүгінсеңіз, айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігі жоғары.

Қалай өтініш беруге болады?

Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгініңіз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеңіз. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады.

Несиені қайта құрылымдау жолдары қандай?

Банктер мынадай шешімдерді ұсына алады:

Несиенің мерзімін ұзарту – ай сайынғы төлемді азайтады, бірақ артық төлем сомасын көбейтеді.

Пайыздық мөлшерлемені төмендету – бұл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткен жағдайда іске асырылуы мүмкін.

Төлемдерді кейінге қалдыру – белгілі бір уақытқа төлемнен босатады, бірақ пайыздар есептеле береді.

Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару – банк оларды ішінара кешіруі мүмкін.

Қайтару тәртібін өзгерту – негізгі қарызды өтеуге басымдық беру.

Банк бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе, сіз:

банк омбудсменіне жүгіне аласыз;

заңгерден кеңес ала аласыз;

қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра аласыз, яғни бұрынғы несиені өтеу үшін тиімді шарттармен жаңа несие алу.

Бастысы – мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтарды алдын алуға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар кредит алудан қайтпай тұр

05.02.2025

«Жұбайының рұқсаты керек»: Несие ала алмағандар не істеуі керек

11.07.2024
MalimBlocks
Қазақстандықтар кредит алудан қайтпай тұр

«Жұбайының рұқсаты керек»: Несие ала алмағандар не істеуі керек

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.