Өскеменде белгілі спортшыны атып өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Сотталушы 16-калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын пайдаланған

Арман Қайыпхан

  • 05.08.2024

Өскеменде спортшының өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, биыл қаңтардың 13-інде Өскемендегі тұрғын үйлердің аулаларының бірінде спортшы Ельер Юнусметовті әлдекімдер атып өлтірген болатын. Ал күдікті 10 минуттің ішінде Абай даңғылынан ұсталды.

ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі күдіктінің адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Сот бұл істі Қылмыстық кодекстің «Атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау», «Қасақана кісі өлтіру» баптары бойынша қараған. Кейін әлеуметтік желіде қылмыскердің спортшыға әйелін қызғанғандықтан оқ атқаны жазылды. Ал тергеуде анықталғаны, сотталушы 16-калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын пайдаланып, Ельер Юнусметовті қасақана өлтірген.

Сотталушы Т.-ның кінәсі өзінің мойындауымен қатар, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалардың қорытындыларымен, бейнебақылау камераларының бейнежазбаларымен және алынған қылмыс қаруымен дәлелденді, – делінген хабарламада.

Прокурор кісі өлтірді деген айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа орнында өтеуді сұрады.

Күдікті 13 жылға сотталды. Сонымен қатар, тағы бір азамат қылмыс туралы хабарламағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Сотталушы Т.-ға 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу, сотталушы Г.-ге пробациялық бақылау белгіленіп, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Анықтама: Катон-Қарағай аудандық әкімдігінің дерегінше, Эльер Юнусметов жекпе-жек (ММА) бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксинг бойынша спорт шебері, кудо бойынша спорт шебері, жекпе-жек бойынша Әлем кубогының иегері және Еуразия чемпионы, «Катунидегі айқастың» (Ресей Федерациясы) гран-при иегері болған. 

Коллаж: stan.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді