Петропавлда құрылыста басына балшық бұлаған жігіт мерт болды

Солтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға 3 маусым күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған

Арман Қайыпхан

  • 10.06.2024

Петропавлда жұмысшының үстіне балшық құлап кетті. 22 жастағы жігіт ауруханада тілге келместен қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға 3 маусым күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Сол күні жұмысшылар «Масло-дел» кәсіпорнының қосалқы ғимаратына су құбырын тарту үшін қазылған шұңқырды тазалаған. Абайсызда 2001 жылы туған жігіттің үстіне топырақ құлап, басып қалған.
Жедел-жәрдем қызметі жарақат алған жігітті ауруханаға жеткізгенімен, ол ота барысында қайтыс болды. Марқұмның ішкі органдары езіліп кеткен. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Жұмыс беруші белгіленген тәртіп бойынша жазатайым оқиға жайында басқармаға хабарлады. Жұмысшымен биыл 4 наурызда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалған екен. Мұндай шарт болған жағдайда мәселе ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сай реттеледі», – деді СҚО Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Азат Көшербаев.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр