Премьер-министрдің орынбасарына ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі таныстырылды

Сұлу Бөлек

  • 26.04.2025

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев өңірдегі су тасқыны жағдайы нақты уақыт режимінде бақыланатын ШҚО Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2024 жылы Ахуалдық орталық базасында Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі әзірленген.

Бұл жүйе гидробекеттерден, спутниктерден, метеоқызметтер мен инженерлік қызметтерден алынған мәліметтерді біріктіретін заманауи табиғи тәуекелдерді басқару құралы. Жүйе су деңгейін, мұз жағдайын және су тасқыны қаупі бар аумақтарды үздіксіз бақылап, жағдайдың дамуын болжау үшін нейрожелі алгоритмдерін қолданады. Ақпараттың интерактивті карталар, графиктер мен кестелер түрінде көзбен көру арқылы қауіптерге жедел әрекет етіп, халық пен инфрақұрылымды қорғау үшін бағыттауға негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимагамбетов.

Оның айтуынша, жасалған цифрлық жүйе табиғи қатерлерді басқаруда IoT технологияларын дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады және су тасқыны қаупіне кешенді, жедел әрі дәл әрекет етуді қамтамасыз етеді.

Жүйеде алдын алу шаралары да жеке модуль ретінде көрсетілген: арналарды, арықтарды, көпірлерді тазалау және тереңдету, су бұру арналарының құрылысы, қар шығару, жарылыс және инженерлік жұмыстар жүргізу арқылы жағалауларды нығайту мен дренаж жасау.
Модуль 49 гидробекетті қамтиды, олардың мәліметтері күн сайын "Қазгидрометтен" алынып, қауіп деңгейі түспен белгіленген шкала түрінде бейнеленеді.
Вице-премьер "Қазгидромет" РМК мен облыс әкімдігіне жүргізілген бөгет салу жұмыстарына сәйкес гидробекеттердің шекті деңгейлерін қайта калибрлеу және түзету тапсырмасын берді.

Сондай-ақ, барлық тиісті қызметке мамыр-маусым айларында болуы мүмкін үшінші су тасқыны толқынына белсенді дайындық жүргізу тапсырылды.

Кеңес барысында су тасқыны кезеңінің өту барысы мен орман өрттерінің алдын алу мәселелері де қаралды.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев облыстың табиғи қатерлерге дайындығын жақсы деңгейде деп бағалап, су тасқыны мен өртке қарсы қорғаныс жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Фото: ШҚО әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды