Қарағандыда BI Group-тың тұрғын үй кешенін салу жоспарына қарсы наразылық күшеюде

Арман Қайыпхан

  • 21.04.2025

Қарағандыда тұрғындар, белсенділер және облыстық сәулетшілер одағының мүшелері BI Group компаниясының саябақ аймағындағы көл жанына көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жобасына наразылық білдіруде, деп хабарлайды Malim.kz KazTAG-ке сілтеме жасап.

Бұл кешенде жерасты паркинг салынса, саябақтағы көлдер тартылып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Адамдарды ең алдымен жердің нысаналы мақсатының қалайша тұрғын үй құрылысына өзгертілгені ашуландырады. Бүкіл әлемде саябақ аумағына құрылыс жүргізуге мораторий бар, ал бізде ғана бәріне рұқсат етілгендей. Прокуратура үнсіз, президентке жазған өтініштеріміз бірден Қарағанды қаласының әкіміне жолданды”, – деді KazTAG тілшісіне қала тұрғыны әрі белсенді Ольга Юрковская.

Белсенділер бұл құрылыс заңсыз екенін айтып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бас жоспарға қарсы келмеуі тиіс деп санайды.

Сәулетшілер одағының айтуынша, бас жоспарға сәйкес, бұл аумақта ешқашан тұрғын үй құрылысы қарастырылмаған.

Қазақстан сәулетшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымы тұрғын үй кешеніне емес, оның саябақ аумағында салыну ықтимал салдарына алаңдаулы екенін жеткізді. Олар мұндай құрылыс саябаққа емес, мысалы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында жүргізілуі керек дейді.

Сәулетшілер одағы ретінде біз қатты наразымыз. Ең алдымен, бәрі жасырын жасалды. Кейін жүйе мен экология мәселелері туындағанда, барлығы басын ұстап қалады. Қыста машиналар қосылып тұрады, жылынады – сонда бүкіл парк тұншығып қалады. Жуырда бізге Қасым-Жомарт Тоқаев келді, не деді? Парк дамытыңдар, ағаш отырғызыңдар, ботаникалық бақтар салыңдар, ал құрылысты тиісті жерге жүргізіңдер деді. Ол – Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық. Паркке мұндай кешен не үшін керек? Біздің паркті 1934 жылы сала бастаған, екі гектар жер көлге кеткен, бәрі қолмен жасалған. Аллеяларды шахтерлер мен олардың отбасылары сенбіліктерде отырғызған. Не үшін алаңдаймыз? Жаңа биік ғимараттар халық тығыздығын арттырады, жаңа құрылыстар ескі инженерлік желілерге қосылады. Қазірдің өзінде бесінші қабатқа су шықпайды, ыстық су, жылу, электр қуаты жетпейді. Бұл кездейсоқ емес, себебі қалада бейберекет құрылыс жүріп жатыр”, – деді Қарағанды қаласы мен облысының бұрынғы бас сәулетшісі, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, сәулетшілер одағының мүшесі Қайрат Жиенбаев.

Ал әкімдік өкілдері құрылыс заң аясында жүріп жатқанын, жоба мемлекеттік сараптамадан өткенін мәлімдеді.

BI Group компаниясының сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл – қаланың ең дамыған аудандарының бірінде орналасқан Prime Park тұрғын үй кешені. Кешен құрамында кафелер мен дүкендері бар Арбат, бірінші қабаттарда террассалар, балалар алаңдары, дизайнерлік холлдар және ашық аспан астындағы кинотеатр қарастырылған. Соңғы қабатта қонақ бөлмесі орналасып, көлге панорамалық көрініс ашылатын пәтерлер ұсынылады. Пәтерлер таза әрлеуге дайын күйде беріледі. Сондай-ақ кешен аумағында екі деңгейлі жерасты паркингі мен сыртқы тұрақтар қарастырылған.

Компания саябаққа іргелес жатқан 5 гектар жер телімін сатып алғанын мәлімдеді. Белсенділер алаңдап отырған көл мәселесіне келсек, компания өздерінің оған зиян келтірмейтінін, ал кесілген ағаштардың орны толтырылып, қайта отырғызылатынын айтып отыр.

Фото: 2gis.kz

Байланысты жаналықтар

Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

21.04.2025

ШҚО мен Алтай өлкесі шекаралас өңірлердің ынтымақтастығы арта түсті

21.04.2025

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

21.04.2025

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

21.04.2025

Әйел аузына келгенін айтады, оны жаба алмайсың – Нұрлан имам

21.04.2025

Астанада екі көшеде жол қозғалысын шектемек

20.04.2025
MalimBlocks
Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

ШҚО мен Алтай өлкесі шекаралас өңірлердің ынтымақтастығы арта түсті

Ресейдің көршілес шекаралық өңірінен келген делегация "Во все века" халықаралық гастрольдік жобасы аясында Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізеді

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңге

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.

Әйел аузына келгенін айтады, оны жаба алмайсың – Нұрлан имам

Астанада екі көшеде жол қозғалысын шектемек