«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

Олар Шерзаттың әкесі мен ағасын қаматуды сұрайды

Мәди Саматұлы

  • 16.11.2024

Талғардағы 16 жасар Шерзаттың өлімінен кейін қамауға алынып, тергеліп жатқан күдіктілердің туыстары жиналып, наразылығын білдіріп, марқұм жасөспірімнің әкесі мен ағасын да ұстап, тергеуді сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың айтуынша, балалар тұрған жерде Шерзат ойламаған жерден ұрып, біреуінің жағын сындырған. Оның үстіне, «өздері мылтық, пышақ алып шығып, содан жігіттер көтеріліп кеткен».

Кешірім сұраймыз балаларымыз үшін, біздікі дұрыс емес. Бірақ, балаларды арандатпаса, бәрі тыныш шешіліп, әркім үйіне кетер еді, дейді жиналғандар.

Сөздеріне қарағанда кафеде өздерімен-өздері отырып, үйлеріне кетейін деген балаларға қоңырау соққан. Сөйтіп, «бәленің бәрі сол Дарханнан басталған». Айтуларынша, ол жерде Дарханды танымайтын балалар да бар.

Ал ол Дархан үндемейді. Сол Қаржаубайдың танысы, Нұрқанатпен бірге арақ ішіп жүрген адам ол. Шындық керек болса, осындай шындық болсын. Біз де аяғына дейін барамыз, Дархан да жауапқа тартылсын. Өйткені, бәрін шақырған Дархан, дейді олар.

Айтуларынша, «адам өлтіруге барды» деп, халықты бекер көтеріп жіберген. Ал халық ненің не екенін білген жоқ. Ал мылтықты Нұрқанат (Шерзаттың ағасы) көлігінен алып шығып, балаларға қарата атқан.

Қаржаубай басынан өтірік айтты. «Хутор» деген келіп үйімді өртеді, қай-қайдағы танымайтын Хасан деген кісіні алды да оны қосып жіберді. Дұрыс емес қой. Енді «біз Хасанды да танымаймыз» деп екі сөйлемеу керек. Қаржаубай жігіт па, пышақ алып келді ме, жігітше жауап берсін. Нұрқанат атты ма, атты. Оны бәрі біледі, дейді наразы топ.

Сондай-ақ, мұның бәрін айтпай, баланың қырқына дейін үндемей келгендерін айтады.

Әйелі ме, қарындасы ма, біреу Нұрқанат атқан оқтың бәрін теріп алған. Ол адам да жауапқа тартылсын. Ашық сот болса, бәрі бірдей болсын, бәрі ашылсын, біз соны талап етеміз, дейді жиналғандар.

Айта кетейік, оқиға 7 қазанда болған еді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс аясында қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған.

Байланысты жаналықтар

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025
MalimBlocks
Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады