Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскері бірігіп оқу-жаттығу өткізеді

Әскери маневрлер «Оймаша» полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді.

Берік Дәулетов

  • 08.07.2024

Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтауға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің әскери контингенттері қатысады, деп хабарлайды Malim.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери маневрлер «Оймаша» полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді.

8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді.

Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді.

Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, «Бағдар» тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді, - делінген министрлік хабарламасында.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды