457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан ChatGPT-ке салық салды

Қазақстанда танымал жасанды интеллект чат-ботын жасаған америкалық OpenAI компаниясы салық төлеуші ретінде тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп жазады Malim.kz.

2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. — Қазақстан азаматтарына ақылы цифрлық қызмет көрсететін шетелдік жеткізушілердің шартты тіркелген тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл дегеніміз — OpenAI Қазақстандағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, "Google салығы" 2022 жылдан бері қолданыста. Оның мақсаты — Қазақстанның цифрлық нарығында жұмыс істейтін трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салу жүйесін қалыптастыру.

Айта кетейік, ChatGPT — пайдаланушы сұраныстарын түсініп, мәтіндер құрастыратын, хат жазуға, аударуға, код жазуға және оқуға көмектесетін интеллектуалды чат-бот. Көптеген адам оны виртуалды көмекші, кеңесші және жұмыс құралы ретінде пайдаланады.

Фото: businessinsider.com