Қазақстанда көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді

Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің мәліметінше, елімізде орта есеппен 594,8 мың отбасы бар.

Берік Дәулетов

  • 17.07.2024

Биыл көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің мәліметінше, елімізде орта есеппен 594,8 мың отбасы бар. Оларға жалпы көлемі 236,2 млрд теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленді. Оның ішінде маусымда 594,8 мың отбасыға 40 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы берілді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Айта кетсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқан.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді