Қажылыққа барамыз деген 200-ге жуық адам алаяқтарға алданып қалды

Оларды алдағандар арасында наиб имам да болған

Сабина Асқарқызы

  • 21.01.2025

Меккеге барып, қажылық парыздарын өтемекші болған 200-ге жуық адам алаяқтарға алданып қалды. Todayinfo агенттігінің мәліметінше, Құдайға құлшылықтарын Сауд Арабиясына барып жасамақшы болған ел тұрғындары әр облыстан жиналған. 180 адам Меккеге ұшу үшін Алматыға келгенде алданғандарын бір-ақ білген, деп хабарлайды Malim.kz.

Сайт ақпаратына қарағанда, болашақ қажылардан ақшаны Мейіржан Ырыскелді деген адам алған. Ол өзін туристік фирманың президенті ретінде таныстырып, елдің сеніміне кірген. Бүгін Меккеге ұшуы тиіс турист қажылар ақшаны «Zajira travel» атты компанияға бір ай бойы кезек-кезек аударумен болған.

Алаяққа алдандық,  Семейден, Шымкенттен,  Атыраудан,  Ақтөбеден, Жезқазған, Қостанай облыстарынан келген адамдар көп. Барлығы 180 адамбыз. Қыста қажылыққа барамыз деп қаңғып қалдық. Алаяқ өтірік уәделерін беріп, біз оларға сеніп қалдық. Көбі шығындалып қонақ үйде жатыр,  танысы барлар туыстарының үйіне тоқтаған. Бәріміз қазір қонақ үйге жиналып, мына алаяқтан ақшамызды қайтаруды талап етіп жатырмыз, деді Ербол Байқашов.

Халықтың сеніміне кіріп ақша жинауға, елді қажылыққа тартуға наиб имам да көмектескен.

Өтеген батыр мешітінің наиб имамы — Марсель деген жігітке де сендік. Ол мешіт қызметкері болған соң бізді сендірді, «имам өтірік айтпайды ғой» дедік. Бәрі өтірік айтқан,  ақша да,  қажылық та жоқ, қаңғып қалдық. Турфирманың лицензиясын да, офисін де бізге көрсетпеді, телефонмен сөйлесіп сендірді халықты, деді қарсылық акциясына жиналған халық.

Қыстың  қара суығында қаңғып қалған болашақ қажылар әр облыстан өз қаражаттарын шығындап келген. Соңында қонақ үйге төлейтін ақшалары бітіп, бөлмелерден қуылған.

Осы турфирмадан екі адамға қажылыққа жолдама алғанмын. Семей қаласынан апайым екеуміз Меккеге ұшу үшін келдік. 19-ы күні ұшуымыз керек еді, болмады. «20 қаңтар күні ұшасыңдар, күтіңдер» деп сендірді. Соңында бәрі өтірік екенін, мүлдем ұшпайтынымызды білдік, алаяқтар екен, толықтай алаяқтар деп айта алам, деді Арыстан Мұқашев.

«Jazira travel» бізді алдап соқты. Шымкент қаласынан келдім. Үш күннен бері қонақ үйде жатқандар бар. Бәріміз алдандық, деді тағы бір жолаушы.

Ал өзін турфирманың президенті ретінде таныстырып келген Мейіржан Бауырұлы қашып кетпейтінін, жанына бірнеше адамды қосып берсе, кешкі сағат 19:00-ге дейін ақшаларын алып келетінін айтып ақталған. Алайда халық оған сенбей полиция шақыртты.

Ағайын, ақшам жоқ сіздерге қайтаратын. Ақшаны алған Асылбек Шардарада, ол телефонды көтермейді, мен оның үйін білмеймін. Кешірім берсеңіздер, рахметімді айтам, болмаса әрекетім үшін заң алдында жауап берем. Анам 200 мың теңге заим алды, басқа ақшам жоқ, деді турфирманың басшысымын деген Мейіржан Бауырұлы.

Жоспарсыз қарсылық акциясын ұйымдастыруға себепші болған наиб имам бастаған адамдарды полиция тергеуге алып кетті. Ашулы халық Әуезов аудандық полиция басқармасына барып арыз жазып жатыр. Қажылыққа барамыз деп қаражаттарын санап бергендердің арасында емізулі баласымен жүрген жас аналар да, таяғын сүйреткен егде жастағы әжелер де бар.

Фото: Pixabay

Байланысты жаналықтар

Алматылықтарды 2,5 млрд теңгеге алдап соққан құрылыс компаниясының ісі сотқа жолданды

21.01.2025

Алматылықтар жыл басталмай жатып 25 млрд теңгесінен айрылған

20.01.2025

Отандасының 69 млн теңгесін ұрлаған шетелдік ұсталды

17.01.2025

Жұрттың 100 млн теңгесін алдап әкеткен азамат Сербиядан экстрадицияланды

09.01.2025

Интернет алаяқтық: қарағандылық күдіктілерден 232 sim-карта мен 2 sim-box тәркіленген

07.01.2025

Магдебургте Рождество жәрмеңкесіне шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

22.12.2024
MalimBlocks
Алматылықтарды 2,5 млрд теңгеге алдап соққан құрылыс компаниясының ісі сотқа жолданды

Жалпы саны 300-ден астам адам жәбірленуші деп танылған

Алматылықтар жыл басталмай жатып 25 млрд теңгесінен айрылған

Қалада жыл басынан бері 9 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелген

Отандасының 69 млн теңгесін ұрлаған шетелдік ұсталды

Бизнесін сатпақшы болып сеніміне кірген

Жұрттың 100 млн теңгесін алдап әкеткен азамат Сербиядан экстрадицияланды

Ол елді техника сататын болып алдаған

Интернет алаяқтық: қарағандылық күдіктілерден 232 sim-карта мен 2 sim-box тәркіленген

Олар sim-карталарды ауыстырып отырған

Магдебургте Рождество жәрмеңкесіне шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Күдікті – Сауд Арабиясынан келген психиатр