Қостанай облысында бизнес пен бюджеттік ұйымдар үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Malim Админ

  • 04.06.2024

«Рудный Энерго компаниясы» ЖШС ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт-қа 35,34 теңгеден 29,48 теңгеге дейін 17% - ға және бюджеттік ұйымдар үшін 1 кВт-қа 72,43 теңгеден 69,13 теңгеге дейін 5% - ға (ҚҚС есептемегенде) төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдалдық құрылымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүргізді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (Облыстың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Рудный Энерго компаниясы» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерде талқыланатын Қостанай облысы Рудный қаласы мен Қашар кентінің заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының «Рудный Энерго компаниясы» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

01.05.2025

Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады

18.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеді

Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты