Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне наразылық білдіріп жатыр

Бәсеке кезінде көкпаршылар арасында дау туындап, бір-біріне қамшы сілтеген болатын

Malim Админ

  • 12.09.2024

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан финалдық ойын 5:4 есебімен қазақтардың жеңісімен аяқталды. Бәсеке кезінде көкпаршылар арасында дау туындап, бір-біріне қамшы сілтеген болатын.


Араға тәртіп сақшылары түскеннен кейін ойын біраз уақытқа тоқтатылып, қайта жалғасты. Бұл уақытта Қырғызстан 3:1 есебімен алда тұрған. Осыдан кейін Қазақстан командасы серкені қазандыққа қайта-қайта салып, ақыры ойынды жеңіп шықты (5:4).

Мұнан соң қырғыз жанкүйерлері әлеуметтік желі арқылы жарыс төрешілері мен Қазақстан құрамасына наразылық білдірді. Олар Instagram желісіндегі қырғызстандық пабликтерде төреліктің әділ болмағанын айтуда.

«Жеңіс емес, масқара болдыңдар. Жеңісті спортшылар емес, төрешілер алып берді», «Қазақтарда намыс жоқ екен, масқара», «Төреші мүлде қарамады, масқара. Бұл жеңіс емес», «Бұдан былай көкпар ойнамаңдар, масқара», «Қырғыздарға мұндай жеңіс керек емес. Қазақтар егер, еркекпіз, қазақпыз десе бұлай жасамайтын еді», «Төрешіге шапан жауып, көлік мінгізіп қойған ғой», «Тіпті ұялғаннан видеоны өшіріп тастапты», «Біздің де күніміз туар», - деп жазып жатқанын байқауға болады. 

Фото: worldnomadgames.kz  

Байланысты жаналықтар

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

23.03.2025

Анкара мэрі қамауға алынған Экрем Имамоглуны "президент" деп, Түркиядағы наразылықтарға қосылды

21.03.2025
MalimBlocks
Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу жақтастарын өз құқықтарын қорғауға және Түркияның қалаларында алаңдарға шығуға шақырды

Анкара мэрі қамауға алынған Экрем Имамоглуны "президент" деп, Түркиядағы наразылықтарға қосылды

Анкара мэрі Мансур Яваш Ыстамбұл мэриясы ғимаратының алдында өткен наразылық акцияларына қатысты