Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Қоғам
Ресейде сотталған қазақстандықтар Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатыр ма

Тергеуде жүрген немесе Ресей түрмелерінде отырған Қазақстан азаматтары Украинаға қарсы соғысқа алынып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, бұл - қате ақпарат.

Қазақстанның Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан немесе тергеуде жүрген бірде-бір азаматы әскери әрекетке тартылмаған. Мен сізге кепілдік бере аламын, - дейді Айбек Смадияров.

Бұл ретте СІМ өкілінің айтуынша, Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тергеуде екендігі туралы фактілер бар.

Бірақ біздің мәліметтеріміз бойынша, олар Telegram арналарында, әлеуметтік желілер арқылы жұмыс тауып, сол үшін барған. Біз олармен бірнеше рет байланысқа шықтық, консул оларға бірнеше рет барды, жеке кездесті және барлық айыптаулардың дұрыстығын қадағалап отырды. Консулдық және құқықтық көмек оларға көрсетіліп жатыр, - деді ол.

Фото: Shutterstock

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу