457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сара Назарбаева тірі, жүйелі түрде ем қабылдап жатыр

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Назарбаевтар әулетіне өте жақын адамдардың бірі саналатын Бейбіт Сапаралының айтуынша, Сара апамыз әлі тірі, жүйелі түрде ем қабылдап жатыр.

Айтуынша, ол кісінікі жай ауру емес – рухани ауру.

Бұл туралы белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына берген сұхбатында айтты.

Сара апамыз тірі. Біздің БАҚ осындай ақпаратты байқап жазу керек. Иә ол кісінің жасы 85-ке келіп қалды. Соңғы ондаған жылда халық көзінен тасада болды. Әулеттерінде көптеген жағдай болды. Мәселен Рахат пен Дариғаның оқиғасы, немересі Айсұлтанның қазасы көңіліне ауыр тиді. Әйел адам болғаннан кейін осы бәрі қатьы әсер етеді ғой. Сол соңғы рет қатты ауырып қалды, елбасы қасында 3 күн отырды. Қазір өзі жүріп-тұрып, шай ішіп жүр. Жалпы Сара апамыз сол уайымнан рухани ауруға ұшырады десе болады. Сондықтан бұл оқиғадан еш саясат жасаудың қажеті жоқ, - деді ол.

Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie