Стамбул губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 12:47-де 16 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде басталған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан клуб жертөленің екі қабатында орналасқан.
Кейінгі мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандардың бәрі жұмысшы болған.
Түрік ақпарат құралдарының жазуынша, өртке байланысты алты адам ұсталған.
Билік өрттің себебін анықтап жатыр. Гүлдің айтуынша, клуб 1987 жылы лицензия алған, 2018 жылы ұзартылған.
Фото: Anadolu Ajansı