Су басқан Құлсары тұрғындары әкімдік алдына жиналды

Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз мөлшерде біржолғы төлем берілгені жазылады.

Берік Дәулетов

  • 15.05.2024

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, қазір әкімдік ғимаратының алдында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселелері бойынша Құлсары тұрғындарының жиыны өтіп жатыр.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жиналғандар алдында қаражатты өтеу, жаңа тұрғын үй беру тетігі жөнінде түсініктеме береді, – делінген хабарламада.

Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-нан су кеткен. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй-жай техникалық бағытта тексеріліп, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілген. Барлығы 3 мыңға жуық өтініш түскен.

Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз мөлшерде біржолғы төлем берілгені жазылады.

Сонымен қатар, мүлкіне залал келтірілген 289 кәсіпкермен залалды өтеу бойынша консультациялар өткізілді. Бүгін түстен кейін тұрғындарды техникалық тексеру және бағалау қорытындыларымен кезең-кезеңмен және үймен таныстыру басталады, - деп сендіреді жедел штаб.

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр