Су тасқыны: Президент шұғыл кеңес өткізді

Кеңеске премьер-министр Олжас Бектенов, үкімет мүшелері, президент әкімшілігінің басшылары қатысты. Үкімет басшысы президентке елдегі төтенше жағдайға орай ахуалды баяндаған.

Malim Админ

  • 30.03.2024

Оның ішінде, су басқан ауыл тұрғындарын құтқару мен тасқын салдарын жою мақсатында істеліп жатқан жұмыстар жайын баяндады. Бұл туралы Ақорданың телеграм каналы хабарлады. 
Президент үкімет пен әкмідердің жұмысын сынаған. Ол үкімет пен жергілікті атқарушы билік бірігіп іс атқара алмаған деген тұрғыда ойын айтты.
Президент жағдайға қатысты дер кезінде шара қабылдамағаны үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс жариялады.  Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдері де қатаң сөгіс алды. Ал Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту жасалды. 
Кеңесте Республикалық штаб құру, су тасқынына қарсы жұмысты күшейтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.
Табиғи апат келтірген шығын көлемін анықтап, келешекте мұндай апаттардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Судың заңсыз саудасы жойылмай тұр. Министр Нұржігітов не деді?

12.05.2025
MalimBlocks
Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Судың заңсыз саудасы жойылмай тұр. Министр Нұржігітов не деді?

Жылына су ресурстарының 40 пайызы заңсыз кетеді