Су тасқыны: Талдыкөл ауылы тұрғындарын эвакуациялау басталды

Ауылды су басу қаупі күшейген

Мәди Саматұлы

  • 25.05.2024

Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясының шешімімен, Талдыкөл ауылының тұрғындарын жалпы түрде эвакуациялау басталды. Су басу қаупінің күшеюіне байланысты, толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәлімдеуінше, тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің #1 жатақхана базасындағы эвакопунктке орналасады. Сонымен бірге, өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында Қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылып жатыр.

Талдыкөлде 207 тұрғын Атырау қаласына эвакуацияланып, 422 тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне орналасқанын осыған дейін хабарлаған едік. Қазір Талдыкөл ауылында қалған 250 тұрғынды түгел эвакуациялау жүріп жатыр, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық адам тұрады.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025
MalimBlocks