Су тасқынымен күрес: 12 мамырдағы ақпарат

Жайықтың жайылған суы Каспийге жіберілмек

Malim Админ

  • 12.05.2024

Атырау облысында Жайық өзенінің бойында ұзындығы 346,2 км бөген салынды. Бұл су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді және судың Каспий теңізіне қауіпсіз өтуіне ықпал етеді. Бүгінгі күні суды өткізу, алдын алу шараларын жүргізу үшін 37 елдімекенде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Құрманғазы ауданында 1 км бөген салу қалды. Салынған бөгендерді қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар жалғаса береді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізіліп отыр, оның біртіндеп көтеріліп жатқаны байқалады. Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттеріндегі су деңгейі шектік белгіден асып түсті. Жағдай бақылауда. Құлсары қаласында су басқан үйлерден су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 66 044 текше метр су сорылды.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 333 070 текше метр еріген қар суы сорылып, 165 тұрғын үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 111 құрғатылған үйде дезенфекциялық жұмыстар жүргізілді. Петропавл қаласының Борки кенті мен Карьерная көшесінде су басқан үйлер жоқ. Күн сайынғы  аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақты дезенфекциялау жұмыстары жалғасу үстінде, делінген ресми хабарламада.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары және Торғай өзені су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр. Өткен тәулікте Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 3 200 қапшық пен 217 тонна инертті материал төселді, ұзындығы 640 метр салынған бөгендерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

Республика бойынша 18,5 млн текше метр еріген қар суы сорылып, 11 134 тұрғын үй мен 3 350 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 54 755 адам өз үйлеріне оралды, 5 291 адам уақытша орналасу пункттерінде отыр.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 737 адам, 997 техника, 297 су сору құралы және 55 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ҚР ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды