Шымкенттегі өрттен 10 адам зардап шеккен

Шымкент қаласында өрттен 10 адам зардап шеккен. Ордабасы индустриялық аймағынан шыққан өрт сөндірілген.

Malim Админ

  • 28.07.2024

Төтенше жағдай 27 шілде, сағат 11.35-те басталған. Өрт индустриялық аумақтағы техникалық газ күкіртінің тұтануынан шыққан. Қызыл жалын 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. 
«Шақырту бойынша оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық күкірттің жанып жатқанын анықтады. ТЖМ күштерімен өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы, жергілікті атқарушы орган, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және эколог мамандар жұмылдырылды. ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, инертті материалдарды төсеу және газсындандыру жұмыстарын жүргізді. Күкірттің тотығуы қызыл жалынды сөндіру жұмыстары кезінде қиындықтар туындатты», - деді Шымкент қалалық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі, азаматтық қорғау капитаны Ердос Ахметов.
Апатты аумаққа жақын Шаңырақ шағынауданыныннан 443 адам эвакуацияланды, оның ішінде 233 бала. 
ТЖД мәліметінше, оқиға орнынан күйік шалған және улану белгілері бар 10 адам (1 күйік, 9 улану) медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер тексеруінен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылды. Қалған 8 адамның денсаулығы қалыпты. Олар үйлеріне қайтарылған. 
Өрт 28 шілде 00:36-да оқшауланып, таңғы 05:00-де толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 700-ден астам адам, 129 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Фото: ТЖМ
 

Байланысты жаналықтар

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

02.04.2025

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

31.03.2025

Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб күндіз-түні жұмыс істеуге көшті

29.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Жамбыл облысында жер сілкінісінен 23 ғимарат зақымдалған

28.03.2025

Жамбыл облысының әкімі мен ТЖ министрі Тоқаевқа баяндама жасады

28.03.2025
MalimBlocks
Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour фестивалі өтті

Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб күндіз-түні жұмыс істеуге көшті

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Жамбыл облысында жер сілкінісінен 23 ғимарат зақымдалған

Жамбыл облысының әкімі мен ТЖ министрі Тоқаевқа баяндама жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады