freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Түркиядан америкалық зымырандар сатып алады

Әлем
Украина Түркиядан америкалық зымырандар сатып алады
Фото: DW

Украина Түркиядан АҚШ-та өндірілген 70 дана M39 ATACMS баллистикалық зымыраны мен 12 дана M270 MLRS қондырғысын сатып алмақ, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Украиналық «Мілітарний» порталының хабарлауынша, Түркия Украинаға кассеталық оқтұмсықтары бар 2524 дана 227 мм M26 басқарылмайтын реактивті снаряд пен 2С7 «Пион» және M110 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларына арналған 203 мм калибрлі 47 мың M509A1 кассеталық артиллериялық снарядын да беруді жоспарлап отыр.

АҚШ-та өндірілген қару-жарақты үшінші елге қайта экспорттау үшін Түркияға Вашингтонның ресми рұқсаты қажет. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл жеткізілімге келісім беруге дайын екенін Конгреске хабарлаған.

Енді америкалық заң шығарушылардың келісімді қарауына 15 күн беріледі. Егер осы мерзім ішінде Конгресстің екі палатасы жеткізілімге тыйым салу туралы бірлескен қарар қабылдамаса, АҚШ үкіметінің қаруды қайта экспорттауға берген рұқсаты автоматты түрде күшіне енеді.

Бұл келісім Украинаға қосымша қару алуға мүмкіндік берсе, Түркия өзіндегі ескірген америкалық қару-жарақ қорын қысқартуға мүмкіндік алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу