freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа жаңа талаптар қойды

Әлем
Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа жаңа талаптар қойды
Фото: DW

Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы теңіз қатынасын қалпына келтіру үшін АҚШ-қа жаңа талаптар қойды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Тегеран Вашингтоннан санкцияларды алып тастауды, Иранның бұғатталған активтерін босатуды және елге жасалған соққылар үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Мохаммад Багер Зольгадр АҚШ-тан Иранға енді ешқашан қауіп төндірмейтініне кепілдік беруді, америкалық әскерилерді өңірден шығаруды және Иран порттарына қойылған теңіз блокадасын тоқтатуды талап етті.

Сонымен қатар Тегеран Ливанда, Палестинада, Йеменде және Иракта Иранның одақтастарына қарсы, өздері «агрессия» деп атаған әрекеттерді тоқтатуды талап етті.

Иран тарапы Ормуз бұғазын ашу мәселесінің Тегеран мен Оман арасындағы келіссөздерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу