Талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

Талапкерлерге заңгер көмектесуге дайын.

Сабина Асқарқызы

  • 09.08.2024

ҰБТ-дан жоғары балл жинаса да, мемлекеттік білім грантын ала алмаған талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек, деп хабарлайды Malim.kz.

Stan.kz мәліметінше, заңгер Халида Әжіғұлова талапкерлерге сотқа дейінгі талап-арыздармен көмектесуге, олардың мүдделерін сотта қорғауға, қажет болған жағдайда, БҰҰ-ның балалар құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге дайын екенін айтты.

Қазір маған жоғары балл жинаған, бірақ апаттан зардап шеккендерге арналған жаңа квотаға байланысты грант ала алмаған 20-дан астам талапкер хабарласты, барлығы сот процесіне қосылғысы келеді. Бірнеше талап қоюшы бір жауапкерге бірдей талап қоя алады. Алайда тіпті бір өтініш берушінің өзі де министрліктің жаңа квота енгізу туралы бұйрығына шағымдану үшін сотқа өз бетінше шағымдануға құқылы, – деді заңгер.

Оның айтуынша, қазір ол талапкерлермен бірге министрліктің қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және балаларды кемсітушіліктен қорғау туралы бұйрықтарды бұзған жағдайларын анықтауда.

Біз министрліктің қандай оймен осы жаңа квотаны енгізіп, оның көлемін айтарлықтай жоғары деңгейде – барлық гранттардың 20%-ын белгілеу туралы шешім қабылдағанын түсіне алмаймыз. Неліктен 20%? Бұл көрсеткіш нақты қайдан пайда болды? Қандай есеп бойынша? Неге 10% емес? Неге 5% емес? Мысалы, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға жыл сайынғы квота небәрі 1%, көпбалалы отбасы балаларына 5% тең, – дейді заңгер. 

Халида Әжіғұлова министрліктің заңды бұзғаны дәлелденсе, сотқа шағымданатынын, қажет болған жағдайда, тіпті Конституциялық сотқа жүгінетінін атап өтті.

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды