Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Париждегі Олимпиаданың ашылуына қатыспайтын болды

Қоғам
Тоқаев Париждегі Олимпиаданың ашылуына қатыспайтын болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды, деп хабарлайды Malim.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесіне сәйкес, ол Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды", - деп атап өтті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Мемлекет басшысы 27 шілдеге дейін қысқа мерзімді демалыста екенін айта кетейік.

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты 26 шілдеде Сена өзенінде ұйымдастырылады. Жарыс 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрі бойынша 92 лицензия алды.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу