Түркістанда жалған айғақ бермек болған куәгердің өзі сотталып кетті

Арман Қайыпхан

  • 03.04.2025

Түркістан облысында куәгер сотта жалған айғақ бергені үшін сотталып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Прокуратура мәліметінше, бұзақылық және адам ұрлау қылмыстары бойынша сот барысында куә сотталушының аса ауыр санаттағы қылмыстық жауаптылықтан босату мақсатында екі рет жалған жауап берген.

Куәнің бұл іс-әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабын өзгерту арқылы сотты жаңылыстыру болған.

«7 тамыз 2024 ж. сот аталған қылмыстарды жасаған сотталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, куәге қатысты қылмыстық іс қозғау қажеттігін қарастыру туралы жекеше қаулы шығарған.

Cот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толығымен дәлелдеді.

Сотта куә ретінде жауап берген азамат аса ауыр қылмыстық істі қарау барысында қасақана жалған айғақтар берді. Сол үшін Қылмыстық кодекстің 420-б. 2-б. бойынша кінәлі ретінде танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады