Халықтың төрттен бірі ғана елдегі үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанады – сауалнама

Статистикада бұл қайта көбейгені саналады

Мәди Саматұлы

  • 28.01.2025

Ұлттық статистика бюросы былтыр ел азаматтары арасында үй алу мүмкіндігі мен осы бағытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы сауалнама жүргізген. Energyprom жазуынша, онда сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі ғана тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанатынын білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Сауалнама түрлі тақырыптарды қамтыған, соның бірі тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселесіне қатысты болды.

Жалпы алғанда, қазақстандықтардың тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы пікірлері жақсарғаны байқалады.

Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың 25%-ы тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанушылық білдірді. Бұл көрсеткіш өткен жылы 20,5% болған. Тек жартылай қанағаттанғандардың үлесі 39,6%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылы 40,1%-ды көрсеткен. Ал үй сатып алу мүмкіндігіне толықтай қанағаттанбағандар 20,5%-ды құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 0,9 пайыздық пунктке азайған. 14,9% респондент жауап беруге қиналды, деп жазылған сайт хабарламасында.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан тұрғын үй алу мәселесіне қатысты қолдауға қатысты қанағаттанғандардың үлесі өскен. Толық қанағаттанғандар 22,5%-дан 24,5%-ға дейін артса, жартылай қанағаттанғандар 36,2%-дан 36,5%-ға көбейген. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға толық қанағаттанбағандар саны 24,9%-ды құрап, 14,1% респондент жауап беруге қиналған.

Фото: Жансерік Күзембай

Байланысты жаналықтар

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

30.03.2025

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

20.03.2025

"Қазақ халқына алғыс". Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды

10.03.2025
MalimBlocks
Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

Наурызда Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі баяулады. Егер былтырғы қыркүйектен бастап пәтерлер айына шамамен 1% қымбаттаса, биыл наурызда бұл көрсеткіш небары 0,4% болды

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

Шымкентте анасынан айырылған жеті балаға пәтер сыйланды

"Қазақ халқына алғыс". Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі баспаналы болды