Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жап-жас әйелі мен кішкентай балалары бар: қорғаныс министрі отбасын көрсетті

Қоғам
Жап-жас әйелі мен кішкентай балалары бар: қорғаныс министрі отбасын көрсетті

Қазақстан қорғаныс министрінің отбасымен түскен суреттері әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің отбасылық портреті Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram-аккаунтында жарияланды. Суретте: генерал-полковник Руслан Жақсылықов, әйелі, үлкен қызы мен екі ұлы.

Отбасының барлық мүшесі арнайы әскери киім киген, ал пиджактары ордендермен көмкерілген. 

Пікір білдірушілер ведомство басшысының отбасылық суреттерін бұлай жария ету қаншалықты дұрыс екендігін де талқылаған. Фотостудия өкілдері суреттерді клиенттерінің келісімімен ғана жариялайтынын алға тартқан. 

Біз клиенттің рұқсатынсыз суреттерін жарияламаймыз, өзінің атақ-даңқына қарамастан келісімін беретіндерге алғысымыз шексіз, - делінген жазбада.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында туған. 2022 жылғы қаңтардан бері еліміздің қорғаныс министрі.

Фото: @vsphotoastana/Instagram

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу