Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Құқық
Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Оралда қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов қамауға алынды. Жұмағұловты қамауға алуға санкция беру туралы өтінішті Астананың тергеу соты қараған.


«6 қарашада сотқа аға тергеушінің Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші келіп түсті», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы бойынша, арыз қанағаттандырылды.

«Тергеу сотына адвокаттарға қатысты материалдар түскен жоқ», - деп түсіндірді ведомство.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Руслан Жұмағұлов төраға болып 2019 жылдың 31 желтоқсанында тағайындалған.

Фото: qaz365.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу