Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралдық шенеуніктер таныстарына пәтер үлестіріп берген

Сұқбат
Оралдық шенеуніктер таныстарына пәтер үлестіріп берген

Орал қаласында әлеуметтік осал топқа жататын 200-ге жуық адамды баспана кезегінен негізсіз шығарып тастаған. Ал оларға тиесілі пәтерлер басқаларға үлестірілген.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқарма басшысының орынбасары Әлия Денизбаева кезектен шығарылған жүздеген адамның ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және тағы басқа әлеуметтік осал топтар бар дейді.

"Қазіргі кезде кезектен шығарылған барлық азаматтың кезегін қалыпқа келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар берілді. Олардың нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылданды", - дейді Денизбаева.

Шенеуніктердің арқасында кезектен тыс үй алған 169 адамның кім екені белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сүйенсек, пәтерге мұқтаж емес тағы 247 адамға баспана берілген. Ал облыс бойынша жалпы саны 1800 жетім кезегін, баспаналы болар күнді күтіп жүр. Солардың бірі - Әсел Антаева. Қазір ол пәтер кезегінде 170-орында тұр.

"Біз қала әкіміне де, орынбасарларына да бардық. Тұрып жатқан пәтерімізде жағдай жасалмаған, жуынатын жер жоқ. Көріп отырсыз ғой, қызым осы жерде тамақ ішіп, осы жерде сабағына дайындалады. Біздің бөлмеге күн түспейді, сыздан балам жөтеліп, ауырады. Қызымның бүкіл кітабы су болады", - дейді Антаева.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу