freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Орешник” кешені Беларусь аумағына жеткізілгені туралы ақпарат тарады

Әлем
“Орешник” кешені Беларусь аумағына жеткізілгені туралы ақпарат тарады
Фото: Vadim Savitsky/ZUMA/IMAGO

Оппозициялық «Беларусь теміржолшылары қауымдастығы» деректеріне сілтеме жасаған хабарға сәйкес, Ресейдің «Орешник» зымыран кешені Беларусьтің Могилев облысындағы бұрынғы «Кричев-6» әуе базасы аумағына орналастырылған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша, 2025 жылғы желтоқсанның 20–29 аралығында Ресей Федерациясынан үлкен әскери эшелон жіберілген. Оның Капустин Яр полигонынан шыққаны айтылып отыр.

Ақпаратта эшелон құрамында 54 платформа вагоны мен 7 жабық вагон болғаны, онда әскери техника, жабдықтар және оқ-дәрілер тасымалданғаны көрсетілген.

Сондай-ақ ұйымның мәліметінше, аталған әскери контингент Кричев-6 аумағында қалып, қайта шығарылуы немесе техниканың кері жөнелтілуі тіркелмеген.

Бұл ақпарат тәуелсіз дерек ретінде келтіріліп отыр және ресми тараптардан нақты растау берілмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу