Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Орташа айлық жалақы өсіп кетіпті

Сұқбат
Орташа айлық жалақы өсіп кетіпті

Қыркүйекте қазақстандықтардың орташа жалақысы 257 030 теңге болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалақы былтырдан бері өсіп келеді. 2020 жылдың қазан айында айлық 209 818 теңге болса, биыл тамызда орташа айлық 256 455 теңгеге жеткен.

2021 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы табысы 15,3%-ға өсіп, 130 590 теңге болған.

Айта кетейік, қазақстандықтардың табысы өссе де, елде 451,6 мың адам жұмыссыз жүр. 

"Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы тамыз айының соңында 222,6 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады", - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу