Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскемен прокуроры қызметінен шеттетілді: тергеу басталды

Қоғам
Өскемен прокуроры қызметінен шеттетілді: тергеу басталды

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының прокуроры қызметінен шеттетілгені туралы ақпарат тарады. Бұл дерекке байланысты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.

Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, ол өзіне қатысты жауаптылық туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша атқаратын лауазымынан шеттетілді. Өскемен қаласы прокуратурасының өзге қызметкерлеріне қатысты мәліметтер бойынша бұған дейін де қызметтік тексерістер жүргізілген, - делінген мәлімдемеде.

Аталған мән-жайлардың бір бөлігі расталып, көрсетілген қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Фото: instagram.com/prokuratura_oskemen

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу