Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде еліміздегі алғашқы Әлеуметтік диалог орталығы ашылды

Қоғам
Өскеменде еліміздегі алғашқы Әлеуметтік диалог орталығы ашылды
ФОТОЛАР: © ШҚО әкімдігі

Өскемен қаласында Әлеуметтік диалог орталығы ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар мен департаменттердің басшылары, сондай-ақ кәсіпорын өкілдері қатысты.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар мен департаменттердің басшылары, сондай-ақ кәсіпорын өкілдері қатысты.

Бұл орталық – елімізде алғаш рет іске қосылып отырған бірегей алаң. Ол жұмысшылар мен жұмыс берушілердің, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіподақ ұйымдарының арасындағы сындарлы диалогты дамытуға бағытталған.

Шара барысында облыс әкімі өңірдегі еңбек қатынастарының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда шамамен 15 мың кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 191 мыңнан астам адам еңбек етеді. Осыған байланысты еңбек қауіпсіздігін күшейту, қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік әріптестікті нығайту басты басымдықтардың бірі болып отыр.

– Бұл орталықта еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер ашық талқыланып, ортақ шешімдер қабылданады. Мұндай диалог әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды тетігіне айналады, –

деді Нұрымбет Сақтағанов.

Шара барысында облыс әкімі өңірдегі еңбек қатынастарының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда шамамен 15 мың кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 191 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Әлеуметтік диалог орталығының басшысы болып Тамара Рахымжанова тағайындалды. Ол бұған дейін ШҚО «Жұмыс берушілер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу