Өскеменде Үлбі өзеніне батып кеткен жігіттің денесі бір аптадан кейін табылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД мәліметінше, 2003 жылы туған ер адамның денесі 9 мамыр күні Степное ауылы маңынан анықталған. Ол оқиға болған жерден шамамен екі шақырым қашықтықтағы тайыз судан табылды.
Қайғылы жағдай 3 мамырда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт Үлбі өзенінің шомылуға арналмаған аумағында суға түскен.
Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Оған ТЖД қызметкерлері, полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды. Сонымен қатар жағалау аумағын тексеру үшін дрондар пайдаланылған.