Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ота жасалатын адамды кісендеп қояды екен. Депутат қылмыстық-атқару жүйесіндегі масқараға назар аударды

Құқық
Ота жасалатын адамды кісендеп қояды екен. Депутат қылмыстық-атқару жүйесіндегі масқараға назар аударды
Иллсютрация: Жаңалық Gemini ЖИ көзімен ©malim.kz

Астана, 17 желтоқсан. Қазақстанда тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қамауға алынған және сотталған азаматтарға медициналық көмек көрсету кезінде кісен қолдану тәжірибесі әлі күнге дейін сақталып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, қамаудағы адамдарға операция жасау кезінде, сондай-ақ, әйелдердің босануы кезінде де кісен қолдану фактілері бар. Оның сөзінше, бұл – заңда қарастырылмаған, Конституция мен халықаралық нормаларға қайшы әрекет.

«Адам наркозда жатқанда немесе босану кезінде оны кісенде ұстауға заң рұқсат бермейді. Бұл – құқықтарды негізсіз шектеу әрі халықаралық құқық тұрғысынан азаптауға тең», – 

деді Абзал Құспан.

Сондай-ақ, депутат бұрын күштік және мемлекеттік органдарда қызмет еткен әйелдердің қауіпсіздігіне назар аударды. Оның айтуынша, ер адамдар арнайы мекемелерде жазасын өтесе, ал - бұрын полицияда, сотта немесе прокуратурада жұмыс істеген әйелдер өздері кезінде ұстаған адамдармен бірге қамауда отыр. Бұл олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Абзал Құспан соңғы уақытта тергеу изоляторларында орын алған өлім жағдайларын да атап өтті. Оның мәліметінше, 2025 жылғы 19 тамызда Шымкент тергеу изоляторында арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы қаза болған. Бұған дейін Тараз, Алматы және Өскемен қалаларындағы тергеу изоляторларында да бірқатар адам көз жұмған.

Депутат келтірген деректерге сәйкес, Қазақстандағы тергеу изоляторында мен колонияларда өлім-жітім көрсеткіші алаңдатарлық деңгейде қалып отыр. 2022 жылы – 133, 2023 жылы – 119, 2024 жылы – 148 адам қайтыс болса, 2025 жылдың 11 айында 124 өлім тіркелген. Олардың басым бөлігі ауру салдарынан болған.

«Бұл – медициналық бақылаудың, прокурорлық қадағалаудың және сот жауапкершілігінің әлсіздігін көрсетеді. Судьялар бұлтартпау шарасын өзгертуге батпайды, ал мұндай шешімдердің салдары – адам өлімі», – 

деді мәжілісмен.

Осыған байланысты Абзал Құспан тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесіндегі өлім жағдайларына құқықтық баға беруді, қамаудағыларға медициналық көмектің сапасын тексеруді, операциялар мен босану кезінде кісен қолдануға заң жүзінде тыйым салуды, сондай-ақ осал санаттағы әйел сотталғандарға арналған қорғалған блоктарды енгізуді талап етті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу