freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Оттамаңдар": Мақпал Жүнісова Роза Рымбаева жайлы ел естімеген шындығын айтты

Қоғам
"Оттамаңдар": Мақпал Жүнісова Роза Рымбаева жайлы ел естімеген шындығын айтты
Ашық дереккөзден. Суретте: Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде өзі туралы тараған әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Роза Рымбаеваның сұхбат барысында "кейбір әншілердің концертіне көрерменді әкімдік күштеп кіргізеді" деген сөзі желіде оған қатысты айтылғандай қабылданған. Осыдан кейін бірқатар қолданушы Мақпал Жүнісованың концерттеріне адамдар әкімдік арқылы жиналады деген пікір қалдырған.

Ertenmedia.kz басылымының жазуынша, әнші бұл сөздерді мүлде жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол ешқашан әкімдікке барып, концерт ұйымдастырып беруді немесе зал толтыруға көмектесуді сұрамаған. Мақпал Жүнісова өз кештеріне көрерменнің өз ықыласымен келетінін айтты.

"Жаңа маған бір хабар түсті. Роза Рымбаева апамыз "Осы кейбір әншілердің концертіне әкімдік қинап кіргізеді екен адамдарды" деп сұхбат берген екен. Соған елдер "Мақпалдың концертіне елдерді қинап кіргізеді" деп жазып жатыр екен. Сол кісілерге "Оттамаңдар" деп айтқым келеді. Мен өмірімде әкімдікке барып "маған концерт жасап беріңдер" деп айтып көрмеппін. Менің концертіме халық өзі келеді. Сондықтан өтірікті кішкене растау қылып айтыңдар. Менімен бірге гастрольге шығып тексеріңіздер. Бір әкімдікке кіріп көрмеген адаммын. Рәкең өзінің концертіне солай жасайтын шығар мүмкін. Менің концертімде ондай болмаған және болмайды да! Роза апамыз сұхбат бергенде әншілердің атын атап айтқаны дұрыс болар еді", – деп Мақпал Жүнісованың сөзін келтіреді Todayinfo.kz сайты.

Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваның мұндай мәселе туралы айтқанда нақты кімдерді меңзегенін ашық атағаны дұрыс болар еді деп санайды. Әнші өз концерттерінде әкімдік арқылы адам жинау болмағанын және алдағы уақытта да болмайтынын мәлімдеді. Алайда Мақпал Жүнісова арада біршама уақыт өткеннен кейін бұл жазбаны өзінің парақшасынан өшіріп тастады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева сахнадан кету туралы ойын айтқан еді. Бұған дейін Роза Рымбаева "Соңғы рет қашан жыладыңыз?" деген сұраққа шынайы жауап беріп, сезімін бүкпесіз жеткізген еді. Сондай-ақ ол өмірлік серігі Тасқын Оқаповты сағынышпен еске алып, жүрекжарды сөздер айтқан болатын.

Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова – қазақ сахнасының қос биігі

Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, өзіндік орындаушылық мәнерімен халықтың жүрегінен орын алған көрнекті әнші. Ол 1957 жылы Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Өнер жолын 1975 жылдан бастап, әуелі "Гүлдер" ансамблінде, кейін "Арай" ансамблінің құрамында ән шырқады. Жас кезінен-ақ ерекше дауысы мен сахналық болмысымен көзге түскен өнер иесі аз уақыт ішінде көпшілікке кеңінен танылды.

Әншінің шығармашылық жолындағы ең айтулы белестердің бірі – 1977 жылы Болгарияда өткен "Алтын Орфей" халықаралық ән байқауында бас жүлде иеленуі. Бұл жеңіс Роза Рымбаеваның есімін шетелдік тыңдарманға танытып қана қоймай, қазақ музыкасының халықаралық деңгейдегі беделін де арттырды. Оның орындауындағы "Әлия", "Атамекен", "Айгөлек", "Куә бол", "Гүлдене бер, туған жер" секілді әндер бірнеше буынның сүйікті шығармасына айналып, қазақ эстрадасының алтын қорынан орын алды.

Көп жылғы шығармашылық еңбегі үшін Роза Рымбаева жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Ол "Парасат", "Құрмет", "Халықтар достығы" ордендерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. Халық арасында әнші "Қазақ примадоннасы", "Қазақстанның алтын дауысы", "Орта Азия бұлбұлы" деген атаулармен танылды. Бүгінде Роза Рымбаева қазақ сахнасының абыройын асқақтатқан дара тұлғалардың бірі саналады.

Мақпал Жүнісова да қазақ эстрадасында өзіндік мектебін қалыптастырған, халық ерекше құрметтейтін өнер иелерінің қатарында. Ол 1963 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген. Әнге деген ықыласы бала кезінен байқалып, кейін бұл қызығушылығы кәсіби өнер жолына ұласты.

1981 жылдан бастап Мақпал Жүнісова "Қазақконцерт" бірлестігінде солист болып еңбек етті. Табиғи таланты, сахнадағы еркіндігі және ерекше дауысы арқылы ол тыңдарман ықыласына бөленді. Халықаралық байқауларда да өнер көрсетіп, қазақ ән өнерінің мәртебесін көтерді. Небәрі 22 жасында "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі", ал 31 жасында "Қазақстанның Халық әртісі" атағын алуы – оның өнердегі биік бағасының айқын дәлелі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу