Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

Спорт
Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

Астанада бокстан өтіп жатқан «Elorda Cup» турнирінде Аман Қонысбеков алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл ғана Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударып, бүгінде 71 келіде Түркістан облысының атынан өнер көрсетіп жүрген Аман турнирдегі бірінші айқасында Азат Иманберлиді 4:0 есебімен таза жеңді. Тіпті қасыласын бір рет нокдаунға да түсірді.

Аман Қонысбеков Өзбекстанның Навоий облысы, Зафарабад ауылында дүниеге келген.

Естеріңізде болса, Аман 2023 жылы Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевты нокдаунға жібергенімен, финалға өте алмады. Осылайша, ол Өзбекстан біріншілігінде қола жүлдегер атанған.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу